04
июнь
2026
Республикалық Шерхан Мұртаза оқулары
Білім мен шығармашылықты ту еткен №107 лицей ұжымы тағы бір үлкен жетістікке кенелді!
Қазақ әдебиетінің абызы, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның рухани мұрасын ұлықтау мақсатында өткен Республикалық Шерхан Мұртаза оқуларының қорытынды кезеңі мәресіне жетті. Ел бойынша ең дарынды әрі кітапқұмар оқушылар бақ сынасқан бұл дүбірлі додада біздің лицейіміздің намысын қорғаған 10-сы
нып оқушысы Орынғали Назгүл жүлделі ІІІ орынға ие болды!