№107 лицейде өткен “UNI DAY” университеттер жәрмеңкесі » №107 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№107 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 397-38-50
Есепші бөлімі:
+7(727) 397-38-50
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №107 лицейде өткен “UNI DAY” университеттер жәрмеңкесі
20
февраль
2026

№107 лицейде өткен “UNI DAY” университеттер жәрмеңкесі

2026 жылғы 20 ақпан күні №107 лицейде оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға бағытталған ауқымды “UNI DAY” іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері қатысып, білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсету. Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары университеттер туралы толық ақпарат алып, мамандықтар, гранттар, оқу талаптары және болашақтағы мүмкіндіктер жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

“UNI DAY” алаңында Abai University, KBTU, SDU, Turan University, Caspian University, AlmaU, AITU және басқа да оқу орындарының өкілдері қатысып, өз оқу орындарының артықшылықтарын кеңінен таныстырды. Сонымен қатар халықаралық колледждер де қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарын насихаттады.

Шара барысында оқушылар мен қонақтар арасында ашық диалог орнап, әрбір қатысушы өз болашағына қатысты маңызды ақпарат алды. Бұл – оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына үлкен ықпал ететін маңызды қадам болды.

Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуына негіз қалайды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив