"Адал Ұрпақ" клубы бойынша өткізілген ашық сабақ
№107 лицей
«Адал Ұрпақ» клубыны бойынша өткізілген ашық сабақ
№ | № мектеп | Сынып | Өткізілген іс-шара тақырыбы | Мақсаты және қысқаша мәлімет | Сурет |
1 | №107 лицей | 9-10 | «Адал ұрпақ-Ел тірегі!» | Ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты өскелең жас ұрпақты адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы толық мағлұматтар берілді. |
Сабақтың тақырыбы: Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі
Сыныбы: 6Б
Мұғалім: Дуйсенәлі А.
Жалпы мақсаты:«Адалдық», «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,адал, шыншыл болуға баулу;
Қолданылатын материалдар:
1.Проектор, экран,
2.Бейне жазба ертегі
Сабақ кезеңдері
Психологиялық ахуал орнату.
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет.
ІІ.Мағынаны тану
Жаңа топ құру: Құрал-саймандар арқылы 4 топқа бөлу.
-Топқа не арқылы бөліндік? Неге?
-Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
-Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады,бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады
-«Адал» сөзін қалай түсінесіңдер?
-«Адал» кім?(не?) болуы мүмкін?
Бейне ролик «Адалдықтың өтемі» ертегісін көрсету.
Бейне роликтен көргендерің туралы не айта аласыңдар?
1-топ: Мысал әңгіме Б. Әділов.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:
- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі.
- Рахмет! – деді Сары пышақ.
- Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.
Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.
Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
2-топ: Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт.
3-топ: «Адал еңбек» сөзжұмбақ құрастыру
4-топ: «Адалдықтың өтемі» ертегісінен қандай ой түйдің?
Суреттерді бірнеше бөліктерге бөліп, топтарға беру.
1-топ. Құмырсқаның сурет
2-топ. Жылқының суреті
3-топ: Қарлығаштың суреті
4-топ Адамның суреті
Қиылған бөліктерден суретті құрастыру, тақтаға ілу.
Адамдар да, жануарлар да, құстар да, жәндіктер де адал еңбек ететінін айту.
Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған лента таратып беру. Қағазға оқушылар адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазады, топта оқып бір-біріне желімдейді. Яғни бір-бірінің жақсы қасиеттері бойымызға дарысын деген ниетпен 4 топ қосып желімдейді.
ҮІ.Бағалау
Оқушылар еңбегін мадақтау
V. Үйге тапсырмасын беру
Адалдық ,еңбек туралы өлең шумақтарын жаттау
VII. Рефлексия
Бүгінгі сабаққа «Айтуға оңай» бағдарламасынан «Еркін микрафон» жіберіпті. Бүгінгі сабақта не үйрендің, не білдің? Сабақтан алған әсерлерін асықтан жасалған микрафон арқылы айтады.
Сабақтан көрініс