5 маусым Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. » №107 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№107 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 397-38-50
Есепші бөлімі:
+7(727) 397-38-50
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 маусым Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді.
21
май
2022

5 маусым Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді.

Қазақстан азаматының республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілуі оның референдумға қатысу конституциялық құқығының іске асырылуының кепілі. Ол  2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексере алады. Бұл деректерге қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгінуі керек. 
Референдумға шығарылатын конституциялық реформалардың да мән-маңызы осында – әр азаматтың конституциялық құқықтарының іске асырылу кепілдігін қамтамасыз етуде. Ол үшін ҚР Конституциясының 31 бабына түзету енгізіліп, ол 2 жаңа баппен толықтырылады. Президент өкімімен құрылған жұмыс тобы түзетулерді пысықтап, Президент оларды мақұлдады. Кейін Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі заңнамаға қайшы келмейтіні туралы Конституциялық кеңес шешім шығарды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаева оларды халықтың өзі бекітуі керек деген ұсынысын білдіріп, республикалық референдум өткізуді ұсынды. 
Конституциялық реформаның саяси мәні – суперпрезиденттіктен президенттік басқару формасына көшу мақсатында Екінші Республиканың конституциялануы.  Елдің мұң-мұқтажын ескеруге мүдделі мемлекеттің құрылуын қолдайтын әр қазақстандық бұл күні референдумға келіп дауыс берудің парызы екенін айқын түсінеді. 
#CCS
Референдум – халық үні. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша Қазақстанда 5 маусымда республикалық референдумда халық өз үнінің үйлесімділігін, береке-бірлігін паш ете алады. 
Халық қалауымен Ата Заңға өзгерістер енгізілген жағдайда азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі артады. Мәселен, облыс әкімдерінің жанама сайлануы енгізіледі. Яғни, Президент енді оларды тағайындау үшін жергілікті мәслихаттардың келісімін алуы тиіс. Ол үшін мәслихаттардың қарауына кемінде екі үміткерден тұратын тізімді ұсынады. Ондай үміткерлер саны екеу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін. Ал мәслихат үміткерлердің кандидатурасын қарастыруға қабылдамауы да мүмкін. Бұл шынайы демократиялы мемлекеттің ұстанымы, яғни халыққа өз басшыларын өзі сайлауға мүмкіндік беруі. 
Сонымен қатар мәслихаттар сенімді ақтамаған әкімді қызметінен босату туралы мәселені Президенттің алдына қоя алатын болады. 
Қазіргі Конституция бойынша мәслихат депутаттарының өкілеттігі шектелген, олар Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Сондықтан саяси жүйенің жаңаланып, жаңғыруын қалайтын қазақстандықтар референдумда өз үнін білдіруге мүдделі.
5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесінің түпкілікті өзгеріп, билік пен азаматтар арасында жаңа, ашық, демократиялы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе түрлі көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. 
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшіріледі. Бұл жұрт алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Осылайша, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.     
#CCS
Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ. 
Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады. 
Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да  сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі. 
Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады. 
#CCS
Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформа арқылы жүзеге асыруды ұсынған саяси бастамаларында барлық билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуі қарастырылады. Қазақстандықтар оған республикалық референдумда дауыс бере алады. 
Конституциялық түзетулерде Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламенттегі өкілдігінің тәртібі өзгертіледі. Яғни, ҚХА-ның Мәжілістегі квотасы жойылады, ол Сенатқа беріледі. Өз кезегінде Сенаттағы Президент квотасы 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартылады,  оның ішінде ҚХА ұсынатын 5 депутат та бар. 
Мұндай тәсіл демократиялық нормалар мен Мәжіліс депутаттарын сайлаудың тең құқықтарын белгілеуге мүмкіндік береді. 
Референдумға қатысу арқылы саяси белсенділігін танытқан әр адам елімізде шынайы демократиялық құндылықтардың жүзеге асуына мұрындық болады. 
#CCS
Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің әрбір азаматына қатысты. Мәселен, өзінің конституциялық құқығы бұзылды деп санаған әр адам конституциялық реформаның жүзеге асуы нәтижесінде құрылатын Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге азаматтардың құқықтарын жеткілікті дәрежеде қорғау үшін Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы беріледі. Мұның барлығы республикалық референдумға шығарылатын конституциялық реформада ұсынылады. 
Жалпы, осы реформаның іске асырылуы азаматтардың барлық құқықтарының жан-жақты қорғалуын күшейтеді. Қазақстан Президенті ұсынған реформаларда құқық қорғау саласын жақсартудың бірқатар бастамасы қарастырылған. Конституциялық өзгерістер бойынша Қазақстанда өлім жазасы мүлдем жойылады. Прокуратура және Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңдар қабылданады. 
Конституция – Қазақстанның басқа заңдарының өзегіне алынатын Негізгі Заң болғандықтан, оның ел дамуын ілгерлетуі маңызды. Осы тұрғыдан, республикалық референдумға қатысу арқылы әрқайсымыз оған үлес қоса аламыз. 
#CCS
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив