№ 107 лицей бойынша «Отбасы күні » орындалған іс -шара есебі .
№ 107 лицей бойынша «Отбасы күні » орындалған іс -шара есебі .
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
№ 107 лицей бойынша «Отбасым бақыт – мекенім » атты жоспарланған жоспар бойынша іс -шаралар жүзеге асты . Лицей бойынша сынып сағаттары ,суреттер байқауы, шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында Отбасы -адам баласының түп қазығы ,алтын ұясы екендігін, сол себепті де оқушыларға отбасы туралы мәліметтермен таныстырылып өтті.
Сынып сағаттары:
Музыкалық әдеби кеш
Суреттер байқауы:
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.