Кітап –өскелең ұрпақ үшін рухани азық » №107 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№107 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 397-38-50
Есепші бөлімі:
+7(727) 397-38-50
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітап –өскелең ұрпақ үшін рухани азық
13
август
2019

Кітап –өскелең ұрпақ үшін рухани азық

                           Кітап –өскелең ұрпақ үшін  рухани азық

               Кітап - білім  қазынасы саналатын рухани   байлығымыз ,әрі тарихымыздың,тағылымымыздың  алтын сандығы . Ғ Мүсірепов: «Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тиылсақ,ой ойлаудан да тиылар едік»деген екен .Өкінішке орай, «қағаз кеміріп»ізденетіндер саны кеміп , ғаламтор  торына шырмалған заманда жасөспірімдер жағы осы асыл қазынаның қадіріне жете бермейтіні рас.Кітапқа деген ынтаның,құрметтің төменгі сатыға түсіп қалуына айтарлықтай кедергілер көп-ақ.
          Осы орайда ,Алматы қаласы,Түрксіб ауданы ,№107 лицейде   жас жеткіншектерді  рухани азықты кітаптан іздеуге,осы бай мұраны қадірлеуге  жетелеу жағы өзіндік жолға қойылған.Ең алдымен «Кітап»клубы құрылып,оның мүшелері саналатын жеткіншектер  оқырман мен кітаптың алтын көпірі іспетті кітапхана тіршілігімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.Кітапханашымен бірлесе отырып,еңбекті  біліммен ұштастыратын түрлі жұмыстар жасауға ұмтылады.Балалар кітапты тек білім қоймасы,ой-өрісті кеңейтер байлық көзі деп қана қарамай,оны қадірлей білуге,бағалауға үйренеді.Клуб мүшелері тек  оқу жылында ғана емес,тіпті жазғы  демалыс кезінде де уақыттарын бөліп, кітапханаға келіп,ондағы жыртылған,ескірген кітаптарды түптеп,желімдеп жатады.Балалар осы еңбектері арқылы кітапханашыға қолғабыс тигізіп қана қоймайды, сол арқылы өздерінің  де рухани әлемге жақындай түсері сөзсіз.Бұл үдеріс  ата-аналар тарапынан да қолдау табуда.Осындай  жақсы дүниелердің   лицейімізде  дәстүрлі шараға айналып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
 
 















Похожие публикации:

12 апрель 2019 семинар
21 ноябрь 2017 Лицей тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив