4 Маусым -Қазақстан Республикасының рәміздер күні құтты болсын. » №107 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№107 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 397-38-50
Есепші бөлімі:
+7(727) 397-38-50
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 Маусым -Қазақстан Республикасының рәміздер күні құтты болсын.
04
июнь
2021

4 Маусым -Қазақстан Республикасының рәміздер күні құтты болсын.

Желбіреген көк туымыз,
Еркіндіктің белгісі.
Қандай әсем жер-суымыз,
Тудың көркем көк түсі.
Желбіресін жерімізде,
Қыран құстай қалықтасын.
Күн де күліп көгімізде,
Қараудан еш жалықпасын.

Асқақтасын шетелде де,
Көтерілсін байрағымыз.
Егемен күн таусылмасын,
Орындалып арманымыз.

Елтаңбамыз ел тарихы, ел ойы,
Шаңырағы асқақтаған ел бойы.
Арғымақтар армандарды көтеріп,
Алтын астық- қуанышты ел тойы.
Жұлдызымыз жарқырасын аспанда,
Шаттанайық несібе асып тасқанда.
Қазақ деген қайсар халық ақ көңіл,
Болашаққа атта қадам, жасқанба,

Әнұран әркез шалықтасын,
Туымыз көкте қалықтасын.
Елтаңбамыз еңселі боп,
Ел тоқ болсын, тарықпасын.

Қазақстан ұлы ел боп,
Ықпалды болсын басқаға.
Көрікті қала көбейе берсін,
Әрлене берсін Астана.

Жігер берген жүрекке қайрат берген,
Жасығанда жаныңды қайрап берген.
Әнұраны қазақтың абыройы,
Мақтанышты сезімді бойлап берген.

Қыран құс ұшып барад біздің туда,
Қанатты арғымақ мін белді буда.
Ерліктің дастанында айта жүргін,
Егемен ел өзеніне бетің жуда.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады.

Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол - мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді.

Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, ақжолтайына айналар әнұранның түрі, табиғаты жағынан төлтума, ал мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып шығуы еді.

1992 жылдың 4 маусым күні - ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күні тағы да елдігіміз сынға түсті. Ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттік дода қызу талқыға айналды. 60-тан астам депутат өздерінің пікірлерін білдірді. Нәтижесінде қабылданған қыран бейнелі көкшулан туымыз (авторы - Шәкен Ниязбеков), басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз (авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан), әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні дүние есігін ашты. Олар тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы тұңғыш ресми белгілерге айналды.  толы еркін, байтақ даламыз,
Бірге күліп, бірге ән де саламыз.
Бірге тойлап еліміздің нышанын,
Халқымызға жылу бере жанамыз.

Біз неткен бақытты едік, шатты едік,
Егемен ел нышандарын біздер көрдік.
Тойладық туды, елтаңба,әнұранды
Қуаныштан жүректер шатты күліп.

Жасады ата-баба ерен ерлік,
Көрсетіп бірлік, қайрат алды теңдік.
Бүгін тойлап жатырмыз ел белгісін,
Мәңгілікке жасасын егемендік.

Туымыз мәңгілікке желбіресін,
Әнұранды тыңдаған жан елжіресін.
Елтаңба ең биікте көрінумен,
Бақыт тасып, адалдық мөлдіресін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив