семинар
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай № 107 лицейде «Рухани жаңғыру заманауи әлемдегі Қазақстандық мәдениет» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарға Түрксіб ауданы мектептерінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары , сонымен қатар қонақ ретінде Құрмансейтов Бауыржан Абайұлы – Желтоқсан оқиғасының ардагері шақырылды.