Мектепке жол 2019
Жақсылық жалғасын табады...!
Оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» атты республикалық Акциясы өткізіліп келеді. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 3 – 15 – 3/ 2317 – И хатын орындау мақсатында 5 шілдеден бастап 30 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмей қалу жағдайларының алдын алу бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке!» ұранымен Акция бастау алды. Бұл республикалық акцияға Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 107 лицейде белсенді түрде ат салысуда. Акция барысында лицейімізде арнайы жұмыс жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж отбасылар туралы деректер анықталып, лицей ұжымы тарапынан, сонымен қатар көмек қолын созушы ата – аналардың, жеке кәсіп иелерінің арқасында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасы балаларына мектепке керекті құрал жабдықтары табысталды. Жақсылық - әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін ең үлкен қасиет. Жақсылық - игілік атаулының түп бастауы болғандықтан, ол әрқашан да әлемге жылуын сыйлайтыны анық, сол себепті де осынау республикалық Акцияның лицейімізде жалғасын табатынына сеніміміз мол. Сонымен қатар осы акцияға көмек көрсетіп отырған лицей ұжымына, ата – аналарға және жеке кәсіп иелеріне алғысымыз шексіз! Жақсылық жасаудан кеш қалмайық!
№107 лицей мұғалімі М.Қ.Молдаш