2021-2022 оқу жылындағы Діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралардың жылдық есебі. » №107 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№107 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 397-38-50
Есепші бөлімі:
+7(727) 397-38-50
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы Діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралардың жылдық есебі.
10
май
2022

2021-2022 оқу жылындағы Діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралардың жылдық есебі.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

№107 лицей










 

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ 

 

























Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға 

атқарылған жұмыстар бойынша  

МӘТІНДІ ЕСЕП

Қазіргі таңда терроризмнің алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

  Терроризмлат. -  (terror - қорқыныш, үрей) - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген  саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе  өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси , экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 

  Осыған орай біздің мектебімізде «Саяси экстремизм», 8-11 сыныптар аралығында «Діни экстремизм, терроризм» тақырыбында   дөңгелек  үстел , «Абайла, экстремизм!», пән мұғалімдері   мен  сынып жетекшілердің қатысуымен  «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»,  «Терроризм   және діни экстремизмге қарсы күрес», «Жасөспірімдерге құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру» , «Террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу...», 5-11 сыныптар аралығында «Терроризмге қарсы күрес туралы»   Заңымен таныстырып және ата- аналармен тиісті жұмыстар жүргізілді.

 «Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес», «Что такое терроризм?», «Соқыр сенімге арбалғандар. Олардың ұстазы интернет еді ....» атты   видеороликтер көрсетілді. Сынып сағаттарында презентациялар көрсетіліп, қабырға газеттері  жасалынды. Оқушыларға, ата- аналарға жаднамалар мен парақшалар   таратылды. 

 Сонымен бірге, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша құқық қорғау мен уәкілетті органдардың оқиға болған орынға барумен кеткен барлық шығыны заңсыз іс-әрекетімен кінәлі болып танылған тұлғадан өндіріледі.

 Сондықтан,   әрбір азаматтың  жат қылықтан аулақ болып, орынсыз қалжыңға бой алдырмай, ол үшін қатаң жауапкершілігін сезінгені абзал. Сонымен қатар мектебімізде «Терроризмге жол жоқ»,  атты арнайы стенд шығарылды.




 «Экстремизм» (extremus) - латын тілінен енген термин, сөздік мәні «соңғы, шеткі» деген мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша - бұл шектен шыққан көзқараспен және іс-әрекетімен ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.

Діни экстремизм ұғымы - шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға төзімсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру». 

Діни экстремизм ұғымына Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 2 ақпанында қабылданған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңында мынадай сипат берген:

Экстремизм - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; 

жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: 

дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы 

Жалпы экстремизм деген терминге қазіргі әлем ғалымдары мен сарапшылары түрлі мағыналар берген. Бірақ, ортақ бір шешімге келмеген. Бір анығы ол қоғамға, мемлекетке және жалпы әлемге қауіп төндіретін құбылыс. Ал, соның ішіндегі діни экстремизм дегеніміз – дәстүрлі дінді бұрмалап, жат «идеяны» белсенді насихаттау, зайырлы жүйеге қарсы әрекет ету. 

Экстремизмнің негізгі белгілері:

1)      Мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни, бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;

2)      Елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды;

3)      Заңсыз қарулы жасақтар құрады;

4)      Елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;

5)      Елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға тырысады.

Діни экстремизмнің шығуының басты үш негізі бар. Біріншісі, діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады. Екіншісі, діни сауатсыздықтың кесірінен теріс пиғылды ағымдардың өкілдерінің сөзіне еріп, надандықтан шыққан соқыр сенім – бұл қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыс. Ал, үшіншісі әлеуметтік мәселелер. Айналысатын ісі жоқ, жұмыссыз жастардың болашаққа сенімсіз жағдайын пайдаланып экстремистік идеологияны саналарына сіңіреді.

Діни экстремизмнің көріністері қазіргі заманда жастардың жат ағымның идеологиясына еліктеп, соқыр сенімнің жетегімен зайырлы қоғамға қарсы әрекет етуі. Діни экстремизмнің көрінісі ретінде ғаламтор кеңістігіндегі мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі, Ресейдегі кавказ аймағындағы мұсылмандар туралы ақпараттарды қанға бөккен адамдардың суреттерді, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылуы діни экстремистік идеялардың тарауын айтуға болады. Сонымен қатар, интернет-сайттарда діни экстремизм идеяларын насихаттаушылардың әр-түрлі діни уағыздары аудио-видео жазба түрінде таратылуы діни экстремизмнің көрінісі. Уағыздарда зайырлы биліктің дінге жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше агресивті айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. 

Сондай-ақ ғаламтордағы экстремистік веб-сайттардың ықпалынан басқа, шет елден діни білім алған жалған ғалымдар өздерінің экстремистік уағызы арқылы қазақтың санасына, салт-дәстүріне, ұлттық танымына, тарихына қарсы мазмұндағы жастардың санасын улайды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив