Жадынама!
Абайла, жұқа мұз! жадынамасы
-жұқа, қатаймаған мұзға шықпаңыздар;
- мұз жуандығын білмей автокөлікпен мұзда жүруге болмайды;
- тік жарлардан жұқа мұзға шаналармен, шаңғылармен сырғанақ теппеңіздер;
- мұздағы жарықтарға, ойықтарға, шұңқырларға жақындамаңыздар;
- мұздың жеке бөліктерінде топтасып жиналмаңыздар;
- мұз үстімен тыйым салынған жерлерде жүрмеңіздер;
- мұзды аяқпен теппеңіздер. Мұзбен жүрмей тұрып, оның беріктігіне көз жеткізу керек. мұздың ілу керек.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса:
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.
Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. Мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б. зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тартыңыз.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.